Қайрат Нұртастың бір келі алма мен бір литр қымызға төлеген ақшасы халықты шошытты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қайрат Нұртастың бір келі алма мен бір литр қымызға төлеген ақшасы халықты шошытты

Қайрат Нұртастың бір келі алма мен бір литр қымызға төлеген ақшасы халықты шошытты

Хитмен әнші Қайрат Нұртастың жол бойында жасаған саудасы желіде қызу талқыға түсті. 

  • 8 Маусым 2021
  • 18141
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

"Күн ұзаққа жол жүретін күндер көп болады .
Жолдың шетінде адал саудасын жүргізіп , кәсіп қылып отырған қарапайым жандарды көресің . Бұндай көрініс маған таңсық емес . Кішкентайымнан әке-шешеме қолғабыс ете білуді үйрендім. Шыжыған ыстықта,Қақаған суықта бір шелек картошка өткізгендегі қуанышты айтсаңызшы……..

Қасыңнан небір иномарканы мініп қара очки таққандар :” Әй , мынандан емес , ана жақтан ала салайықшы”- деп көз алдыңда зууууууу ете түскенде көңілің бір сәтте түсіп қалады ғой……

Ееееххх, айта берсең көп енді.. Жол жүргенде осылай тоқтап , әсіресе жас балдардың көңілін аулап кетуге тырысамын…
Жол жүргенде бұл кісілердің ақ батасының өзі неге тұрады.

Жалпы адамды қуанту үшін көп нәрсе керек жоқ қой", деп жазды әнші өткен өміріне көз жүгіртіп". 

Видеода әншінің аз ғана азық үшін 10 мың теңгені ұсынып, қалған ақшасын сатушыға қалдырды. 

Оқырмандар әншінің бұл әрекетіне сүйсіне қарап, ризашылықтары мен тілектерін жаудырды. 

"Кім не деседе, Қайратты қатты силаймын! Жолын болсын бауырым!", "

Сауда жасап жатқан бала қуанышты ғой, мамасыда мәз. Менде сіздің Шымкенттегі концертіңізге барғанда гүлімді алып бетімнен сүйген кезіңізде 3күн бойына бетімді жумай жүргенмін", "Жұртты қуантып жүре бер", "Қарапайым адамдарды осылай қуантып жүре бер, балам!", "Сатушы қыздың қуанышында шек жоқ шығар Қайрат Нұртас сауда жасады деп", "Қазақтың Қайрошы. Алла ұзақ ғұмыр берсін жарығым", деген тілектер жазылды. 

Қырағы оқырмандар: "Неге нөмерсіз. Штраф салу керек қой", "Без номер жүрғой көкең", деп те жазды.