Қайрат Нұртастың қызы Антальяда өткен олимпиадада бас жүлдені иеленді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қайрат Нұртастың қызы Антальяда өткен олимпиадада бас жүлдені иеленді

Қайрат Нұртастың қызы Антальяда өткен олимпиадада бас жүлдені иеленді

Таяуда ғана телехикаяға түскен Қайрат Нұртастың екінші қызы отбасын тағы бір жетістігімен қуантты. 9 жасар Алау Антальяда өткен олимпиадада бас жүлдені жеңіп алып, “Мисс Олимпиада-2018” атанды.

  • 31 Қазан 2018
  • 246
Фото - Caravan.kz

Бұл қуанышымен желіде Жұлдыз Әбдікәрімова бөлісті.

“Міне, көптің тілегі деген осы шығар… Қазір ғана. Жақсы жаңалық келіп жеткен бойында сіздермен бөліскенімді жөн деп білдім. Себебі кешеден бері Алау қызымызға жақсы тілек білдіріп, ақ жол тілеп жатқан жандар менің оқырмандарымның ішінен табылды… Сол жандарға айтар алғысым шексіз. Тілеген жақсылықтарыңыз еселене түссін!

Бүгін “Мисс олимпиада-2018″ байқауында Алау сайысқа түсіп, бас жүлдені жеңіп алды. (Апасы ұқсап. Негізі мектептің дарынды балалары олимпиада-2018 жарысына Анталия еліне жол тартқан болатын. Қазақ елінің намысын қорғауға кеткен балалардың бәріне сәттілік тілеймін!

Құрметті қазақ елі, қазір шет елде жүрген барлық біздің елдің балаларына сәттілік тілеп, жеңіспен оралуларына тілекші болайықшы”, – деді ол.