Алматының "Қайрат" футбол клубы өз алаңында Шымкенттің "Ордабасы "командасын 3:0 есебімен ойсырата жеңді.
Қайрат сапынан бірінші таймда Бауыржан Исламхан мен Жерар Гоу гол соқса, екінші таймда Иво Иличевич нәтижелі соққысымен көзге түсті, деп хабарлайды Vesti.kz.
14 ұпай жинаған "Қайрат" турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді. Көш басында тұрған "Астанадан" 2 ұпай қалып келеді.