Онда Дмитрий Огай жаттықтыратын алматылықтар былтырғы маусымдағы Беларусь чемпионатының қола жүлдегерінен 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Олег Кубарев тізгінін ұстаған гомельдіктер 2003 жылы Беларусия чемпионы, 1999 және 2011 жылдары қола жүлдегер, ал 2001/2002, 2010/2011 жылғы маусымда Беларусь кубогының иегері атанған болатын.
«Қайрат» өткен маусымда Премьер-лигадан Бірінші лигаға түсіп қалып, Қазақстан футбол федерациясы Атқару комитетінің шешіммен ғана қайта оралған еді. Олардың келесі жолдастық кездесуі 9 ақпанда өтеді. Алматылықтардың бұл жолғы қарсыласы Сербияның Бірінші лигасында өнер көрсететін Белград қаласының «Телеоптик» командасы болмақ.