Бұл туралы оның досы, әнші Бағлан Жолдасов хабарлады, — деп жазады Caravan.kz медиа порталы.
"Сүйінші! Қазан айының 27-не қараған түні, яғни бүгін 1 ғасырда бір туатын, шын талант Қайрат Түнтеков досым әке атанды. Қызды болды. Қайрат, кішкентайыңның бауы берік болсын! Иманды, ақылды, білімді, тәрбиелі, талантты қыз болып өсуін Аллаһ нәсіп етсін! Артынан ере берсін! Қуаныштымын", — деп жазды Жолдасов Instagram-дағы парақшасында.
Қайрат Түнтековты көпшілік қауым "Super Star KZ" жобасының жеңімпазы ретінде жақсы таниды. Қазіргі таңда әнші ақын Құрманай Бахтиярқызымен бірге "Егіз лебіз" атты жобаға қатысып жатыр.