Қайрат Жамалиев 10 жылға сотталуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қайрат Жамалиев 10 жылға сотталуы мүмкін

Қайрат Жамалиев 10 жылға сотталуы мүмкін

Тоқалға таласып бүкіл елге танылған Қайрат Жамалиев 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бүгін прокурор судьядан 45 жастағы астаналық кәсіпкерге осындай жаза кесуді сұрады.

  • 5 Тамыз 2015
  • 276
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, мемлекеттік айыптаушы Жамалиевтің бар мүлкін тәркілеуді талап етіп отыр. Астаналық кәсіпкердің Елордада ірі құрылыс компаниялары мен қымбат мейрамхана желілері бар. Ал бизнесменнің сыбайластары Арман Әбілтаевқа – сегіз, Анатолий Прибытковқа — жеті жыл жаза сұрады бүгін прокурор. Жалпы, «тоқал ісіне» қатысты процесс жабық өтіп жатыр. Куәгерлердің толық тергеліп, қатысушылардың барлығы іспен танысып шыққан. Сондықтан үкім шығатын күн де алыс емес. Айта кетсек, бастапқыда Жамалиев тоқалына көз салған 24 жастағы Әліби Жұмағұловты аяусыз ұрып-соққаны үшін қамалған болатын. Кейін тың деректер шығып, «ірі көлемде ақша бопсалады», «адамды заңсыз қамауда ұстады», «күшпен жыныстық қатынасқа мәжбүрледі» деген баптар бойынша үш бірдей қылымыстық іс қозғалды. Алайда, бизнесмен өзіне тағылған айыптардың  бірін де мойныдамай отыр.

Соңғы жаңалықтар