"Қайсар" шет елден футболшы шақыртудан көш бастап тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қайсар" шет елден футболшы шақыртудан көш бастап тұр

"Қайсар" шет елден футболшы шақыртудан көш бастап тұр

[wpcode id="1694287"] Қазақстан Премьер-лигасының басталуына бір айдан аз уақыт қалды. Бұрғаны күні қазақ клубтары алыс-жақын шет елдер

  • 15 Ақпан 2017
  • 394
Фото - Caravan.kz


Қазақстан Премьер-лигасының басталуына бір айдан аз уақыт қалды. Бұрғаны күні қазақ клубтары алыс-жақын шет елдерге барып, оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр, деп жазады Vesti.kzпорталы.

Шет елдегі өтіп жатқан дайындық барысында клубтарымыз шет елдік ойыншыларды қарап, көңілдерінен шығып жатқандарымен келісімшарт жасап жатыр. Әсіресе Премьер-лига клубтары арасында трансферлік нарықта Қызылорданың "Қайсары" белсенді жұмыс істеп жатыр.

Бүгіннің өзінде Сыр өңірі клубы жеті шет елдік футболшыларды қатарына қосыпты. Бұл көрсеткіш бойынша "Қайсар" көш бастап тұр. Командамен Джон Камарра (Сьерра-Леоне), Матиас Курьор (Мартиники), Грегори Нельсон (Голландия/Бразилия), Владимир Аржанов (Украина), Абдель Ламанж (Франция/Камерун), Стефан Николич (Черногория), Саиди Нтибонкиза (Бурунди) секілді футболшылар келісімшарт жасап үлгерген. Одан бөлек, қызылордалық клубпен Мақсат Байжанов, Жамбыл Көкеев, Валерий Коробкин және Алесксей Мулдаров секілді қазақстандоық ойышылар команда қатарын толықтырған.

Шет елден футболшы алдырту көрсеткіші бойынша "Қайсардан" кейін "Атырау" тұр. Зоран Вулич баптайтын команда бес бірдей легионерлермен толықты. Олар — Учу Лобжанидзе, Владимир Двалишвили (екеуі де — Грузия), Йован Джокич, Йовица Максимовича (екеуі де — Сербия), Шавкат Саломов (Өзбекстан). Жалпы биыл "Атырау" сапына 15 жаңа футболшы бар.

"Оқжетпес", "Ақтөбе" және "Шахтер" клубтары төрт-төрттен шет елдік футболшылармен келісімшарт жасапты. Тарқатып айтсақ, көкшетаулық команда сапына Лукас Хорват (Словения), Александр Козлов (Россия), Сергей Политыло (Украина), ақтөбеліктердің қатарына Чако Торрес (Аргентина), Кассиано, Витор Жуниор, Жуниньо (барлығы — Бразилия), ал қарағандылық ұжымға Марко Станоевич, Милан Стоянович (екеуі де — Сербия), Кореде Айегбуси (Англия/Нигерия), Дидье Борис Кадио (Кот-д'Ивуар) сынды футболшылар қосылған.

"Ертіс" қатарында үш легионер — Франк Джа Джедже (Франция/Кот-д'Ивуар), Родриго Антонио (Бразилия), Серж Бандо Н’ганбе (Франция/Камерун). "Астана" мен "Тобыл" екі шет елдік футболшылармен толықты. Елордалықтардың қатарына Аздрен Лулаку (Албания) мен Иван Маевский (Беларусь) келсе, қостанайлық ұжым Джордже Деспотович (Сербия) пен Дмитрий Непогодов (Украина) келісімшарт жасады.

Алматылық "Қайрат" қазірше бір легионер — Иво Иличевич (Хорватия), сондай-ақ "Ақжайық" жоан Аренас (Колумбия) шартнама жаса, "Тараз" бен "Ордабасы" құрамына әлі легионер алған жоқ.

Айта кетейік. Қазақстан біріншілігіндегі трансферлік маусым 3 сәуір күні аяқталады. Ол уақытқа дейін бос тұрған орынға клубтарымыз шет елден әлі де футболшы шақыртуы әбден мүмкін.