Жақында ғана Түркиядан оқу-жаттығу жиынынан оралған клубтың сынағынан қазір гвинеялық Сангара Мамаду мен нигериялық Филипп Эдейпо өтуде.
Командада сонымен қатар бұрын осында ойнап кеткен Лаша Челидзе (Грузия) мен Валериус Мижигурскис (Литва) жаттығып жатыр. Олардан бөлек, тағы украиналық жартылай қорғаушы Олег Шинтовский сынақта жүр. Бұлардан басқа, былтыр Талдықорғанның «Жетісуында» өнер көрсеткен жартылай қорғаушы Әсет Меңліқожа туған командасына қайтып оралды. Биыл басқа ұжымдарға сынақтан өтуге кеткен Егор Азовский мен Серік Сағындықов та қайта келді.