"Қайта қалпына келетін қуат көздерін пайдалануды қолдау туралы" заң жобасын биылғы күзді ҚР парламентінде қабылдауға жіберу жоспарланып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қайта қалпына келетін қуат көздерін пайдалануды қолдау туралы" заң жобасын биылғы күзді ҚР парламентінде қабылдауға жіберу жоспарланып отыр

"Қайта қалпына келетін қуат көздерін пайдалануды қолдау туралы" заң жобасын биылғы күзді ҚР парламентінде қабылдауға жіберу жоспарланып отыр

Алматы. 21 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - "Қайта қалпына келетін қуат көздерін пайдалануды қолдау туралы" заң жобасын биылғы күзді ҚР парламентінде қабылдауға жіберу жоспарланып отыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Қазақстан - жел энергиясы нарығының даму бастамасы" атты БҰҰ Даму бағдарламасының жобасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 21 Тамыз 2008
  • 698
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарламасында атап көрсетілгендей, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қайта қалпына келетін қуат көздерін пайдалануды қолдау туралы» заң жобасын дайындаған. Ол электр және жылу энергиясын өндіру үшін қайта қалпына келетін қуатты пайдалануды ынталандырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру негіздерін бекітеді және оларды қолдау шараларын анықтайды.

Заң жобасын қабылдаудағы мақсат экономиканың энергетикалық сыйымдылығын және электр және жылу энергиясын өндіру саласының қоршаған ортаға әсерін азайту, оның ішінде 2007 — 2024 жылдарға арналған ҚР Тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасында көрсетілген ҚР-ның тұрақты даму міндеттерін жүзеге асыру аясында атмосфераға шығарылатын парникті газдардың көлемін азайту үшін қайта қалпына келетін энергияны пайдалануды ынталандыру болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар