"Қайын атам қазаққа бермеймін деді": Ақжол Мейірбеков өзбек қызын қалай алып қашқанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қайын атам қазаққа бермеймін деді": Ақжол Мейірбеков өзбек қызын қалай алып қашқанын айтты

"Қайын атам қазаққа бермеймін деді": Ақжол Мейірбеков өзбек қызын қалай алып қашқанын айтты

Ақжол Мейірбеков өзге ұлттан қыз алған танымалдардың қатарында. Әншінің жары Шарипа ханым - өзбектің қызы. Екеуі танысып сөз байласқан соң, біраз қиындыққа тап болған. Мейірбековтің айтуынша, қайын жұрты қызды қазаққа беруге қарсы болған. Елдің қарсылығына қарамастан, әнші сүйген қызын алып қашқан. Бұл туралы Мейірбеков Hit-TV арнасының "Менің өмірім" бағдарламасында айтты.

  • 30 Наурыз 2022
  • 168
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мейірбеков жұбайымен би алаңында танысқан. 10-сыныпты бітірген соң, қазіргі Тараз қаласындағы мәдениет үйлерінде өнер көрсеткен әнші өзбектің қызы Шарипаны әсем даусымен баурап алған. Әнші де жұбайына бірден көзі түскенін айтады. 

"Жамбылда тұратын өзбек халқы көп қой. Жасыратыны жоқ, ұлты өзбек, олар қаталдау болып келеді. Би алаңына келіп жүретін, бірақ билемейтін. Өйткені ағалары боксшы, күзетшілері мықты. Мен қазақша-өзбекше ән айтқаннан кейін, даусыма ғашық болып, келіп тыңдап кетеді екен", – дейді Мейірбеков. 

Күнделікті үйіне дейін шығарып салып жүріп, сырттай боксшы ағасының достары бақылап жүргенін байқамапты. Артық қылық көрсетпеген соң да аман қалғанын айтып күлді. Ағасы қарсы болмағанымен, ата-анасы күйеу баланың қазақ ұлтынан болғанын қаламаған. 

"Қайын атам қазаққа қызымды бермеймін деп айтады екен. Сөйтіп жүргенде Жамбылға апам келді. Өйткені әскерге қайта-қайта шақырту келіп жатыр, енді бармасаң, милиция қамайды деді", – деп еске алды өнер иесі.

Мейірбеков осы сәтті пайдаланып, Шарипаны анасымен таныстырған. Ол кісі де болашақ келінін бірден ұнатыпты. Ал жол жүрер уақыт келгенде Ақжол Мейірбеков жұбайына өзімен бірге кетуге ұсыныс тастаған.


"Жамбыл атамыздың ескерткіші тұратын жерде таксилер жүретін. Сол жерден такси жалдап, күтіп тұрдым. Келді. Кейін ағасы Шәріп қуып келді. Таксиде кетіп бара жатып, артыма қарап қоямын. Өзбектер қатал ғой, қуып жетсе, атып тастайды. 

Келген соң, костюмін кигізіп, жағдайын жасап жібердік. Олардың үйінде барлығы қайғырып отырған.

Қайын атам үйге келді. “Қызым қайда?” деді. "Уайымдамаңыз, жақсы жерге барды, құдаларыңыз жақсы, міне, алтын, бриллиант" дегенде ашуланып, сыйлықтың бәрін қораның ортасына тастап, жағып жіберген. "Көрмеймін, бұдан былай, маған ондай қыз керек емес" деді", –  деп қайын атасының ашуын еске алды Мейірбеков.

Әнші сол некесінен 1 қыз, 2 ұл сүйді. Бүгінде Луиза, Сұлтан және Тимур есімді балаларынан 8 немере мен 1 шөбере көріп отыр.