Қайырымдылық би кешінен түскен қаржы балалар мен жасөспірімдер суицидін төмендетуге жұмсалады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қайырымдылық би кешінен түскен қаржы балалар мен жасөспірімдер суицидін төмендетуге жұмсалады

Қайырымдылық би кешінен түскен қаржы балалар мен жасөспірімдер суицидін төмендетуге жұмсалады

Бүгін Алматыда өтетін 5-ші қайырымдылық би кеші танымал қонақтар мен өнер шеберлерінің, классиканы қастерлеушілердің басын қосады.

  • 4 Мамыр 2013
  • 474
Фото - Caravan.kz

Шара мақсаты — Қазақстандағы балалар мен жасөпірімдердің өз-өздеріне қол жұмсауын төмендетуге әрі бұл проблемаға назар аудартуға бағытталған «Дос» онлайн қолдау орталығын құруға қаржы жинау.

Ағымдағы жылы би кешінің бағдарламасына сәйкес, әлемге танымал әнші «Метрополитен опера» театрінің солисі Дмитрий Хворостовский, британдық Touch and Go поп-джаз ұжымы өнер көрсетеді.

Жиналған қаржы «Сенің өмірің баға жетпес!» жобасын жүзеге асыруға жұмсалады. Сонымен қатар бүгін «Дос» онлайн қолдау орталығының ашылуы жоспарланған. Ол 24/7 режімінде өмірде қиын жағдайға душар болған жасөспірімдерге, олардың ата-аналары мен педагогтерге білікті психологиялық көмек көрсететін болады. Қазіргі уақытта орталық тестік режімде жұмыс істеуде.

Перейти к новостям спорта