«Қайырымдылық керуені» байқауы жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімін өткізу туралы аңдатпа - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қайырымдылық керуені» байқауы жеңімпаздарын  салтанатты марапаттау рәсімін өткізу туралы аңдатпа

«Қайырымдылық керуені» байқауы жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімін өткізу туралы аңдатпа

2022 жылғы 20 мамырда сағат 17.00-де Түркістан қаласының Конгресс-холл ғимаратында «Қайырымдылық керуені» байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

  • 18 Мамыр 2022
  • 21
Фото - Caravan.kz

Сағат 16.00-ден бастап БАҚ өкілдеріне арнап Түркістан қаласындағы «Алатау медиа орталығы» ғимаратында байқау ұйымдастырушыларынан сұхбат ұйымдастырылады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұдан кейін Конгресс-холлда «Қайырымдылық керуені» қатысушылары байқауға қатысуы мен өмірбаяны туралы әңгімелейді.

Байқау төртінші жыл қатарынан еліміздің түкпір-түкпірінен ең батыл, қамқор әрі мейірімді жандарды анықтап келеді. Олар өзгенің өміріне араша түсіп, қайырымдылықпен белсенді айналысып, төл мәдениетті дамытты әрі рухани құндылықтарды сақтауға септігін тигізді.

Салтанатты іс-шара барысында жеңімпаздар «Асар», «Туған жер», «Батыл жүрек», «Мейірім жолында», «Қайырымдылық тарихы», «Бала жүрегі», «Жануарға мейірім» сынды жеті номинация бойынша медальмен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.


Іс-шараға Нұрсұлтан Назарбаев Қорының өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, еліміздің белгілі мәдениет қайраткерлері қатысады.

Соңғы жаңалықтар