Қала күніне орай «Алматы бейнесі» фотокөрмесі ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қала күніне орай «Алматы бейнесі» фотокөрмесі ашылады

Қала күніне орай «Алматы бейнесі» фотокөрмесі ашылады

Алматы қаласының күнін ресми мерекелеу аясында 14 қырқүйек күні сағат 18-де Ш. Уәлиханов ат. алаңда «Алматы бейнесі» фотокөрмесі ашылады, деп хабарлайды шараның ұйымдастырушылары.

  • 13 Қыркүйек 2011
  • 849
Фото - Caravan.kz

«Көрменің басты идеясы — қала тұрғындары мен қонақтарына соңғы 100 жылда Алматы қаласының архитектуралық келбетінің өзгеру тарихын көрсету»», — делінген ақпаратта.

Көрмеге Алматы қаласының XX-XXI ғасырлардағы архитектуралық келбеттерінің 60 бірегей фотосуреті қойылады. Көрме барысында ҚР сәулетшілер одағының мүшелері фотосуреттерге қажет түсініктемелерді беретін болады.

«Көрме тақырыптар бойынша үшке бөлінеді: «Алматы кеше», ол қаланың құрылуына арналады; «Алматы бүгін»- қазіргі қала туралы және «Алматы ертең»- бекітілген архитектуралық жобалардың фотосуреттері», — дейді ұйымдастырушылар.

«Бұл шара қаладағы сәулет нысандарының құрылыс тарихымен таныс азаматтар тарапынан оң бағаланады, сондай-ақ, оның жастар үшін тәрбиелік мәні бар», — дейді ҚР сәулетшілер одағының президенті Ақмырза Рүстембеков.

Шара Алматы қ. әкімдігінің қолдауымен, «Казинкомбанк» АҚ демеушілігімен өтеді.

Перейти к новостям спорта