Қала тұрғыны Татьяна Долбня №18-ші автобустан құлап, аяғын сындырды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қала тұрғыны Татьяна Долбня №18-ші автобустан құлап, аяғын сындырды

Қала тұрғыны Татьяна Долбня №18-ші автобустан құлап, аяғын сындырды

Жолаушылар көлігінің жүргізушісі зейнеткерге көмек көрсетпей, кете берген, - деп хабарлайды rikatv.kz.

  • 14 Тамыз 2015
  • 445
Фото - Caravan.kz


Зардап шегуші оның үстінен полицияға арызданды. Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаны "Автопарк" мекемесі де тексеріп жатыр. Татьяна Долбня 18-автобуспен жұмысқа қатынайды. Күнделікті әдетімен кеше таңертең сол қоғамдық көлікке мінген. Айтуынша, ішінен  резеңке иісі шығып, жүргізуші бұрылыстан "Химласт" аялдамасына дейін автобустың екі есігін айқара ашып, айдаған. Жедел жәрдем ауруханасының дәрігерлері зейнеткердің аяғына гипс салып берді. Тобығы сынып, бас миы шайқалған тұрғын дерек бойынша полицияға арыз жазған. Жол инспекторлары аялдамаға барып, өлшеу жұмыстарын жүргізген. Қылмыстық Кодекстің 345-бабы бойынша іс қозғалып, жүргізушінің кім екені анықталып жатыр.  Қария автобустың мемлекеттік нөмірін есінде сақтамаған. Сол себепті қауіпсіздік техникасын сақтамаған жүргізушіні табу қиынға соғып тұр. "Автопарк" мекемесіндегілер бүгін №18 бағыттағы барлық автобустың жүргізушісінен жауап алынып жатқанын хабарлады. Татьяна Долбня тартқан азабын 5 миллион теңгеге бағалап отыр. Айта кету керек,  жолаушылардың жүріп бара жатқан автобустан құлау дерегі біздің қалада бірінші рет емес. Бұған дейін №8 бағыттағы автобустың жолаушысы зардап шеккен болатын.

Соңғы жаңалықтар