Жарияланды: 410

Қаладағы қоғамдық-тәртіп шараларына дайындық барысы пысықталды - Астана

Бүгін Астана қалалық Ішкі істер департаментінде журналистерге арналған баспасөз брифингі өткізілді.

Осында 7 - 9 маусым аралығында өтетін VII Дүниежүзілік Ислам Экономикалық форумы аясында қаладағы қоғамдық-тәртіп шараларына дайындық барысы пысықталды. Атап айтқанда, жол-көлік қауіпсіздігін қаматамасыз ету, қозғалыс бекеттері бойынша бақылаудың күшейтілуі, жаяу шолғыншылар мен қадағалау орындарының тәулік бойы күзетілуі қолға алынды. Бұл туралы Астана қалалық ІІД-нің баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті. Сондай-ақ, өткен аптада Астанада болған бірқатар оқиғалар баяндалды. 3 маусымда қаладағы Бөгенбай батыр көшесінде «Ямаха» мотоциклін мінген 1984 жылғы азамат бөбектер қол арбасымен келе жатқан келіншекті қағып кетіп, нәтижесінде, қатты соққыдан 2010 жылы туған сәби сол жерде көз жұмды. Осымен байланысты Қылмыстық Кодекстің 296-бабының 2-бөлімі бойынша іс қозғалып, ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен бірге 31 мамыр күні қалалық ІІД-не келіп түскен 1979 жылғы азаматшаның арызы туралы айтылды. Бойжеткен өзін «1984 жылы туған Төлегенов Батыр Ұзақпайұлы» деп таныстырған жігітке қатысты шағым түсірген. Қыздың айтуы бойынша, бейтаныс жігіт оның сеніміне кіріп, жігіттің оған үйлену ойы барын айтып, алдау мақсатымен 2 млн. 145 мың теңге ақшасын иемденіп кеткен. Жедел-іздестіру шаралары барысында 1987 жылғы астаналық азамат «Б» ұсталды. Оған қатысты Қылмыстық Кодекстің 177-бабының 3-бөліміне сәйкес «алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін