Жарияланды: 550

«Қалалық ипотекалық тұрғын-үй құрылысы» бағдарламасы бойынша салынған пәтерлер беріле бастады - Ахметжан Есімов

Алматыда «Қалалық ипотекалық тұрғын-үй құрылысы» бағдарламасы бойынша жыл соңына дейін 960 пәтер пайдалануға беріледі.

Оны шаһар басшысы бүгін «Ақбұлақ» және «Алғабас» ықшам аудандарындағы тұрғын-үй нысандарына ұйымдастырылған баспасөз туры кезінде айтты. «Әлеуметтік қызметкерлерге «2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын-үй құрылысы бағдарламасы» кезінде кезекке тұрған көп тұрғындар баспана ала алмады. Сондықтан 2011 жылы жергілікті бюджет есебінен 2012-2014 жылдарға арналған «Қалалық ипотекалық тұрғын-үй құрылыс» бағдарламасы басталып, оған 7 миллиард теңге қаржы бөлініп отыр. Биылғы жылы пайдалануға берілетін 29 үйдегі 960 пәтердің 20 үйдегі 640 пәтері берілді», - деді Ахметжан Есімов. Шаһар басшысының айтуынша, 2014 жылға дейін бұл бағдарлама бойынша жалпы 2500 пәтер пайдалануға берілмек. Ал қолданысқа берілген 40 пәтердің 570-ін «2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын-үй құрылысы бағдарламасында» кезекке тұрған отбасылар алды. Баспаналы болғандар мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік қызмет қызметкерлері мен жас отбасылар. Олар негізінен мұғалім, дәрігер, коммуналдық қызмет жұмысшылар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Ал қалған 70 пәтер жалға берілетін баспана алуға тізімделген жауынгер-интерналистерге, отбасы толық емес жанұяларға,1-2 топтағы мүгедектер мен зейнеткерлерге беріліп отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін