Агенттік ақпаратына сәйкес, құбырдың жарылған жерінің ұзындығы 500 мм-ді, ені 8 мм-ді құрайды. Құбыр жарылу салдарынан 200 тонна мұнай төгілді. Қазір құбырдың жарылған тұсы бітеліп, айналасына күзет қойылды. Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының күштері апатты жойды. Ал жерді рекультивациялаудан бастап, апат зардаптарын жоюға бағытталған барлық жұмыстар қысқа мерзімде аяқталады деп күтілуде.