"Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау" магистральдық мұнай құбырының жарылуы салдарынан 200 тонна мұнай төгілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау" магистральдық мұнай құбырының жарылуы салдарынан 200 тонна мұнай төгілді

"Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау" магистральдық мұнай құбырының жарылуы салдарынан 200 тонна мұнай төгілді

Маңғыстау облысында "Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау" магистральдық мұнай құбырының 156-шы шақырымында 29-қаңтарда құбырларды бір-біріне дәнекерлеген тұста металдың тоттануына байланысты диаметрі 720 мм-лік құбыр жарылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 30 Қаңтар 2004
  • 903
Фото - Caravan.kz

Агенттік ақпаратына сәйкес, құбырдың жарылған жерінің ұзындығы 500 мм-ді, ені 8 мм-ді құрайды. Құбыр жарылу салдарынан 200 тонна мұнай төгілді. Қазір құбырдың жарылған тұсы бітеліп, айналасына күзет қойылды. Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының күштері апатты жойды. Ал жерді рекультивациялаудан бастап, апат зардаптарын жоюға бағытталған барлық жұмыстар қысқа мерзімде аяқталады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар