Жарияланды: 450

Қаланың қақ ортасындағы жаппай төбелестен 3 жігіт жараланып, біреуі ауруханаға түсті

Көкшетау қаласында оқыс оқиға орын алды. Түн ішінде 20 шақты жас жігіт орталық көшелердің бірінде жаппай төбелес ашқан. Оқ тиген 3 жігіт жараланып, біреуі қазір облыстық ауруханада жатыр.

Евгений Турок, жәбірленуші:

- Олар көп екен, далаға шақырған соң,  шыққанбыз; сыртта, үйдің сыртынан 12 жігіт атып шықты. Қолдарында бейсбол таяғы мен екі тапанша бар. Сөзге келіспей қалып, төбелес басталды. Ар жағы есімде жоқ.

Жеті жігіт сол күні кешкісін дәмханада отырғандарын айтады. Сөздерінше, сырттан кірген екі азамат оларды далаға шақырған. Осы кезде алдын ала қаруланып келген топ бұлармен сөз жарыстырып, ұстасып қалған. Содан қып-қызыл төбелес басталған, тіпті, мініп келген көліктерінің де быт-шыты шыққан. Жаға жыртысып қалған жігіттер бейсбол таяқтары мен қайыс белбеулерді пайдаланған. Бірін-бірі аяусыз соққан екі топ, ақырында қару қолдануға көшкен. Тапаншадан бір емес, екі рет оқ атылып, жігіттердің бірі жараланды. Ал тағы екеуі басынан жарақат алған. Полицияны куәгерлер шақыртқан.

Гүлнәр Пинчук, Ақмола облыстық ІІД-і баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Жедел-тергеу тобы келген бетте олар жан-жаққа қашқан. Бірақ төбелесті бастағандардың бірі сол жерден ұзамай қолға түсті. Олар травматикалық тапаншадан оқ атқан. Қазір  аталмыш оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғау жайы қарастырылуда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть