«Қалаулым сенді» көріп отырып, толғағы ұстаған келіншек қорыққаннан босанып жіберді, деп жазады sn.kz медиа-порталы Oinet.kz.-ға сілтеме жасап.
Дәулет есімді үміткер өз жұбына ерекше көрініспен сөз салған болатын. ОМОН-дардың қару тақағанынан қорыққан көрерменнің толғағы ұстап, көп ұзамай ауруханада босанады.
«Жұма күні эфир болғанда үйде жалғыз қалдым. Тамақтарымды дайындап жүргенімде, аяқ-асты ОМОН-дардың келгенін көріп, қатты шошып қалдым. Қорыққанымнан теледидарды өшіріп, қайта қоссам, Дәулеттің сөз салғанын көріп жылап жібердім. Кенеттен басым айналып, мазам қаша бастады. Сөйтсем толғағым ұстап, аурухана да кеттік.Давлениемен босандым. Балам екі аптаға жетпей ерте дүние есігін аштым. Жасым 37-де. Ұлымның есімін Дәулет деп қойдық. Қорыққаннан босанып жібердік», — деп күлді Жазира Ұлжаева.