«Қалаулым сен» бағдарламасын көріп отырған келіншек қорыққаннан босанып қойған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қалаулым сен» бағдарламасын көріп отырған келіншек қорыққаннан босанып қойған

«Қалаулым сен» бағдарламасын көріп отырған келіншек қорыққаннан босанып қойған

Дәулет есімді үміткер өз жұбына ерекше көрініспен сөз салған болатын.

  • 13 Қараша 2019
  • 97
Фото - Caravan.kz


«Қалаулым сенді» көріп отырып, толғағы ұстаған келіншек қорыққаннан босанып жіберді, деп жазады sn.kz медиа-порталы  Oinet.kz.-ға сілтеме жасап. 

  Дәулет есімді үміткер өз жұбына ерекше көрініспен сөз салған болатын. ОМОН-дардың қару тақағанынан қорыққан көрерменнің толғағы ұстап, көп ұзамай ауруханада босанады.

«Жұма күні эфир болғанда үйде жалғыз қалдым. Тамақтарымды дайындап жүргенімде, аяқ-асты ОМОН-дардың келгенін көріп, қатты шошып қалдым. Қорыққанымнан теледидарды өшіріп, қайта қоссам, Дәулеттің сөз салғанын көріп жылап жібердім. Кенеттен басым айналып, мазам қаша бастады. Сөйтсем толғағым ұстап, аурухана да кеттік.Давлениемен босандым. Балам екі аптаға жетпей ерте дүние есігін аштым. Жасым 37-де. Ұлымның есімін Дәулет деп қойдық. Қорыққаннан босанып жібердік», — деп күлді Жазира Ұлжаева.

Соңғы жаңалықтар