Қалталы қазақ 50 жасқа таяғанда әйелінің астаналық ірі шенеунікпен ойнас жасап жатқанының үстінен түскен - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қалталы қазақ 50 жасқа таяғанда әйелінің астаналық ірі шенеунікпен ойнас жасап жатқанының үстінен түскен

Қалталы қазақ 50 жасқа таяғанда әйелінің астаналық ірі шенеунікпен ойнас жасап жатқанының үстінен түскен

Қалталы қазақ сүйген жарының шетелде астаналық ірі шенеунікпен ойнас жасап жатқанының үстінен түскен. Ол жерге бұл азаматты өзінің ұлы алып барыпты. Сөйтіп, екі жылдан соң әйелімен ажырасып тынған.

  • 21 Қыркүйек 2017
  • 16509
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы белгілі режиссер Болат Атабаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz. Оның айтуынша, бұл сұмдық жағдай Швецияның астанасында болған.

«46 жасқа келгенде сүйікті жары, екі ұлының анасы Астананың үлкен шенеунігінің ойнасы екенін білген. Білгенде, үстінен түскен. Стокгольм қаласына, отельге іздеп барған, сюрприз жасаймыз деп, үлкен ұлымен.Үлкен ұлдың шешесінен де, әкесінен де жасырып істеген беттестіруі екен. Төртеуі отырып сөйлескен. Бизнесінің өсуіне миллиондаған тендерді төрт жыл бойы ұтқызып отырған осы шенеунік екенін сол күні білген» деп жазады Б.Атабаев.

Режиссер сөз етіп отырған азаматтың үлкен ұлы екі жыл бұрын Салтыков-Щедриннің "Господа Головлевы" романының бірінші бетіне "Іздемеңдер!" деп жазып, үйінен кетіп қалыпты. Содан бері одан хабар жоқ екен.

«Бұл өмірде Адам бақытты болуы үшін сүйікті жұмысы, сүйікті жары және адал досы болуы керек» дегеніңізді оқығам… Менде үшеуі де жоқ… Рас, аға, мына билік ар-ұжданның құлдырауына жағдай жасап отыр. Бәрі бар… бірақ түгім жоқ, аға. Ақшаға құнығып кеткенім сонша, әйелімді басқа еркектермен бөлісіп жүргенімді өз баламнан білдім ғой! Мен туралы пост жазыңызшы. Өзіңіз біліңіз, атымды атайсыз ба, атамайсыз ба… Нем қалды енді… Ақшаға сатпайтын жан сырым, аға.. Сеземін, елге қайта алмаспын… Деградацияға ұшырадық, аға…» деп әлгі азамат режиссерге жан сырын ақтарыпты.


Айта кетейік, Болат Атабаев қазір шетелде тұрады. Фейсбуктегі жеке парақшасында оның Кельндегі театрда жұмыс істейтіні туралы жазылған.