«Қалталыға тұрмысқа шығамын деген мақсат қойдым» - Алматылық ару сырымен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қалталыға тұрмысқа шығамын деген мақсат қойдым» - Алматылық ару сырымен бөлісті

«Қалталыға тұрмысқа шығамын деген мақсат қойдым» - Алматылық ару сырымен бөлісті

Бойжеткен «Еуразия» бірінші арнасынан шығатын «Кешкі кездесу» бағдарламасында өзінің қалталы жігіт іздеп жүргенін айтты. Видеоның үзіндісін тамашалаған желі қолданушылары қызды барынша райынан қайтаруға тырысып жатыр.

  • 8 Қараша 2018
  • 86
Фото - Caravan.kz

Студия қонағы ер адамның жан дүниесінің тазалығы жиған дүниесіне қарай бағаланады деген пікірде.

«Егер басы істейтін болса, өзінің жан-дүниесіне сенімді болса ол адам қалталы бола алады. Ол арманына жетеді, ол әркез ақша тауып бала-шағасын асырай алады деп ойлаймын. Мен сол себептен, өзіме «қалталыға тұрмысқа шығамын» деген мақсат қойдым» , — дейді бойжеткен.

Желі қолданушылары болса, жас қыз түбі өкініп қалатынын айтып, оны райынан қайтуға шақырды.

«Шешең әкеңе тигенде қалтасына қарап па еді?», «Опық жеп қалма ертең», «Байлығын қайтесің, иманына қарап ти», «Мына Қордайдың қызы өзін көрсеткісі кеп жүр-ау. Жақсы жағынан көрінсе ғой», — деп пікір қалдырды олар.

 

Соңғы жаңалықтар