Қалың қарда перзентханаға жете алмаған келіншек үйінде босанды - kaz.caravan.kz
  • $ 509.51
  • 570.6
+19 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қалың қарда перзентханаға жете алмаған келіншек үйінде босанды

Қалың қарда перзентханаға жете алмаған келіншек үйінде босанды

Жамбыл облысында табиғаттың тосын мінезі аяғы ауыр келіншекті үйінде босануға мәжбүрледі. Бір жарым метрге дейін қалың жауған қардан көліктер жолға шыға алмай, жүкті әйел ауылынан аудан орталығындағы ауруханаға жете алмаған.

  • 8 Қаңтар 2013
  • 340
Фото - Caravan.kz


Күн райының бұзылуынан ай-күні жақындап, толғағы қысқан келіншегін отағасы перзентханаға жеткізе алмай әбден әуреге түскен. Төтенше жағдайлар қызметінің арнайы көлігімен дәрігерлер ауылға жеткенше де бір тәулік өтіпті. Жол талғамайтын техниканың өзі 70 шақырымды 24 сағат жүріп келген. Дегенмен ақ халаттылар аяғы ауыр әйелге дер кезінде көмек көрсетіп үлгерді. 42 жастағы Қызтоған ауылының тұрғыны маңдайы торсықтай ер баланы өзі аман-есен босанып алған. Қазір сәби анасымен Жуалы ауданының орталық ауруханасында жатыр. Көп балалы ана Гүлжан Үсенова жетінші перзентінің есімін боранды күні туылған соң, ырымдап Боранбай қоямыз деп отыр.