Қалың тұман салдарынан биатлоннан әйелдер арасындағы 15 шақырымдық жекелей сын жарысы тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қалың тұман салдарынан биатлоннан әйелдер арасындағы 15 шақырымдық жекелей сын  жарысы тоқтатылды

Қалың тұман салдарынан биатлоннан әйелдер арасындағы 15 шақырымдық жекелей сын жарысы тоқтатылды

7-Қысқы Азия ойындарының бағдарламасына сәйкес, бүгін Алматы облысының Солдат шатқалындағы шаңғы-биатлон стадионында басталған биатлоннан әйелдер арасындағы 15 шақырымдық жекелей сын жарысы қалың тұманның салдарынан тоқтатылды.

  • 3 Ақпан 2011
  • 347
Фото - Caravan.kz


Ұйымдастырушылар соқыр тұманға қарамастан, жарысты бастауға рұқсат берген болатын. Алайда қалың тұман биатлоншы қыздарға нысана көздеуге кедергі келтіргендіктен, жарысты тоқтату туралы шешім қабылданды. Әзірге жарыстың қай күнге ауыстырылғаны белгісіз.

Айта кетейік, әйелдер арасындағы 15 шақырымдық жекелей сынға Қазақстан, Қытай, Корея, Жапония мемлекеттерінің әрқайсынан екі-екіден сегіз биатлоншы қатысады. Бұл сында Қазақстан намысын Марина Лебедева мен Елена Хрусталева қорғайды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера