Қалыңдықтың лақтырған гүліне таласқан қыздар той үстінде жұлысып жаға ұстатты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қалыңдықтың лақтырған гүліне таласқан қыздар той үстінде жұлысып жаға ұстатты

Қалыңдықтың лақтырған гүліне таласқан қыздар той үстінде жұлысып жаға ұстатты

Өз теңін тауып, бір шаңырақтың отанасы болуды армандайтын қыздардың көбі қалыңдықтың гүлін қағып алып, бақытты болатынына сенетін тәрізді.

  • 26 Наурыз 2018
  • 540
Фото - Caravan.kz

Себебі бүгінде бойжеткендердің қалыңдықтың гүлін қағып алу үшін бір-бірімен таласып жатқан сәтінің видеолары көптеп тарауда, деп хабарлайды Stan.kz.

Желіде бойжеткендердің гүлге таласып қалған сәтінен видео пайда болды.

Видео кадрларынан байқалғандай, тойда қалыңдық қолындағы гүлін лақтырғаннан кейін, артында тұрған қыздар гүлге ұмтылып, құлап-жығылып, бір-бірімен таласып қалды. Гүлді әрі-бері жұлқылаған қыздар оның парша-паршасын шығарды. Мұнан кейін гүлді өзге “бақталастарының” қолынан жұлып алған бойжеткен қасындағы қыздардың бірін гүлмен салып жібереді. Тіпті, олар залда отырған қонақтардан, жасы үлкен қариялардан да именген жоқ.

Өз кезегінде желі қолданушылары да бойжеткендердің ерсі қылығын ұнатпай қалды. «Қазақтың қыздары үшін масқара ғой», «Ұят қой. Соншама не болды? Тұрмысқа шығу гүлге байланысты емес. Бәрі Алланың қалауымен болады», «Қазақтың қыздары не болып бара жатыр? Отырып қалсаңдар да, кезі-келгенде тұрмысқа шығасыңдар ғой», – деп сөгіп тастады желі қолданушылары.

Оқи отырыңыз:

Той-бизнестің арқасында біздің жұлдыздар жақсы қалыпта болуда

Қазақ қызына үйленген орыс жігіті: Қазақтың тілін, дәстүрін қатты құрметтеймін

Шетелдік қыздар неліктен қазақ жігіттеріне тұрмысқа шыққысы келеді

Соңғы жаңалықтар