Қалыңмалы 50 миллион теңге тұратын тайландтық қыз қазақ еліне келін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қалыңмалы 50 миллион теңге тұратын тайландтық қыз қазақ еліне келін болды

Қалыңмалы 50 миллион теңге тұратын тайландтық қыз қазақ еліне келін болды

Тайландтық қыз Түркістан облысындағы қазақ отбасында келін болып жүр. Жігіттің ата-анасы діні басқа, тілі басқа аруды әу баста өзге елдің қызы деп  қабылдағылары келмегенімен, қазіргі таңда ризашылықтарын білдіретіндіктерін айтты.

  • 30 Сәуiр 2021
  • 11108
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "Пендеміз ғой" бағдарламасында сілтеме жасап Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Рахат  Әнапия есімді қазақ жігіті ата-анасына қайтсем де үйленем, болмаса еш қызға үйленбеймін деп шарт қойған. Жігіттің ата-анасы уақыт өте өз шарттарын қоя отырып, келісімге келгенін жасырмады. Шарттың ең әуелгісі мұсылман дінін қабылдау болған. Содан соң, қазақ салт-дәстүрін толықтай ұстану керектігін айтқан. Тайландтық қыз барлығына көнуге келіскен. 

Тайлық қыздың аты-жөні — Корнканок Хачок. Қазақ отбасына келін болғалы есімін Гаухар деп өзгерткен. 

"Отбасында жалғыз баламын. Біздің елде 18 жасқа толғанда бала  кез-келген уақытта өз шешімін, таңдауын жасайды. Қазақ еліне тұрмысқа шығатынымды айтқанымда ата-анам еш қарсылық танытпады. Тек қолдау көрсетті",- дейді тайлық қыз. 

Қазаққа келін болып түскеніне 5 ай болған. Ең қызығы тойлары әлемдегі пандемияға байланысты онлайн өткен. Рахаттың айтуынша, Тайландта қыздың қалың малы шамамен 40-50 миллион теңге көлемінде екен. Әзірге екі жақтың құдалары  бір-біріне келе алмай отыр. Қазір  жас келін қазақ отбасына, қазақтың салт-дәстүріне бейімделіп келеді. Орамал тағып, сәлем салады. Ал, сиыр сауу оған еш қиындық туғызбапты. Себебі, Тайландта да сиыр, мал өте көп екен. Дегенмен, Гаухарға мұндағы тағамға үйрену қиын болып жатқан көрінеді.

"Қазақ тағамын жей алмаймын, ащы емес. Біздің тамақтарда ащы көп қосамыз. Содан соң қазақтарда келінге қызметші сияқты қарайды екен. Бірақ, менің бағыма орай келген жерім мені қызметші емес, үйдің бір адамындай қарады
", деп келін болып түскен отбасына ризашылығын білдірді.

Бір қызығы өз күйеуінің есімі Рахатты дұрыс атай алмай "Лахат" деп тілі күрмеліп қала береді екен. 

Айтуынша, қазақ тілі үйренуі қиын, ауыр тіл көрінеді.

 

Соңғы жаңалықтар