Қамау абақтысында туберкулезден қайтыс болу жағдайларының саны жоғары болып тұр - Халықаралық түрме реформасы ұйымы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қамау абақтысында туберкулезден қайтыс болу жағдайларының саны жоғары болып тұр - Халықаралық түрме реформасы ұйымы

Қамау абақтысында туберкулезден қайтыс болу жағдайларының саны жоғары болып тұр - Халықаралық түрме реформасы ұйымы

Бүгінде Қазақстандағы қамау абақтыларында туберкулезден қайтыс болу жағдайларының саны жоғары болып тұр. Бүгін Астанада қылмыстық атқару жүйесі мен одан кейінгі ортада туберкулездің алдын алу мәселелеріне арналған конференцияда Орталық Азиядағы «Халықаралық түрме реформасы» ұйымының аймақтық директоры Сәуле Мектепбаева осы мәселені атап өтті.

  • 24 Қазан 2012
  • 403
Фото - Caravan.kz

Оның хабарлауынша, өткен жылы қазақстандық түрмелерде туберкулезбен ауыратын 330 адам қайтыс болса, биыл тоғыз айдың ішінде олардың саны 205 адамды құрады. Жалпы, бүгінде қамауда отырған 1803 азамат туберкулезбен ауырады. Статистика бойынша түрмеде аталған қатерлі дерттен қайтыс болатын адамдардың саны азаматтық қоғамдағы көрсеткіштен 9 есе артық болып тұр. «Бүгінде туберкулезге шалдыққандарды топтап ұстайды. Бұл дерттің таралуына себеп болып отыр. Негізі, ондай топтағы азаматтарды жеке камераларда ұстайтын уақыт келді», — дейді С.Мектепбаева.

Соңғы жаңалықтар