"Қамқорлық" балаларға берері мол жоба! - kaz.caravan.kz
  • $ 493.85
  • 519.04
0 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қамқорлық" балаларға берері мол жоба!

"Қамқорлық" балаларға берері мол жоба!

Статистикалық дерекке сәйкес, Қазақстанда ерекше білім алу қажеттілігі бар 153 мың бала өмір сүреді. Сол себепті инклюзивті қоғамды дамыту – мемлекет пен қоғам алдында тұрған аса маңызды міндеттің бірі. Осы орайда, Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2019 жылдан бері қолға алынған инклюзияны дамыту жөніндегі «Қамқорлық» жобасының маңызы зор.

  • 20 Маусым 2023
  • 6
Фото - Caravan.kz

Еліміздің түкпір-түкпірінде ашылып, соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтылған оңалту орталықтары ерекше қажеттілігі бар балалардың дамуына септігін тигізеді. Бұл түрлі тиімді әдіс-тәсілді қолданып, тегін кешенді оңалтуға мүмкіндік беріп отыр. Соның бірі Өскемендегі биыл 1 маусымда ашылған «Үлбі» аутизмі бар балаларға арналған «Қамқорлық» орталығы.

«Ерекше қажеттілігі бар балалардың атын айтып, шақырсаң келмейді, көзіңе тура қарамайды. Егер атын айтқанда қараса, біз үшін үлкен жетістік. Бүлдіршіндерді оңалтуда қазір кеңінен тараған АБ терапиясы әдісін қолданамыз. Бұл ән айту, сөйлеу т.б. қасиеттерді жан-жақты дамытады», — дейді «Қамқорлық» орталығының емдік дене-шынықтыру нұсқаушысы Аида Серікова.

Серікованың айтуынша, балалармен жұмыс істеген ұнайды, бүлдіршіндер үш тілді меңгерген. Орталықта мінез-құлықты түзету әдістемесіне негізделіп, тиімділігі дәлелденген АВА терапиясы бойынша балалармен жұмыс жүргізіледі. Баланы дамыту бағдарламасында дефектолог, логопед, психолог, кәсіби терапевт, жаттығу терапиясының нұсқаушысы дәріс береді.