"Қамқорлық" оңалту орталығының қызметкерлері үздік мамандардан білім алады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қамқорлық" оңалту орталығының қызметкерлері үздік мамандардан білім алады

"Қамқорлық" оңалту орталығының қызметкерлері үздік мамандардан білім алады

«Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры, «Қазақстан халқына» ҚҚ және әкімдіктердің қолдауымен Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ашқан «Қамқорлық» өңірлік оңалту және ерте араласу орталықтарында мыңдаған бала ем алып жатыр.

  • 23 Қараша 2022
  • 5
Фото - Caravan.kz

Бұл орталықтардың жұмысын ұйымдастыру және қызмет көрсетумен қатар, қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету де маңызды дүниенің бірі.

Қараша айында аутизммен ауыратын балаларды сауықтыратын Шымкент, Талдықорған, Өскемен және Павлодар қаласындағы 4 орталықтың 58 маманы тренингтерге қатысып, білім алды.

Сонымен бірге, осы айда Астанада 2022 жылы ашылған «Қамқорлық» орталықтарының 30 маманы оқытылды. «Основы терапевтического тейпирования у детей» біліктілікті арттыру курсын әдістеме авторы Фидель Субботин жүргізді.

Сонымен қатар, «Физикалық оңалту» курсының екінші күндізгі модулі өтті. Курсты Санкт-Петербург медициналық-әлеуметтік институтының халықаралық тәлімгерлері өткізді.


Нұрсұлтан Назарбаев Қоры барлық оқу курсын қаржыландырады.

Оңалту орталықтарының қызметкерлеріне зор денсаулық және балалардың игілігі жолында толайым табыс тілейміз!

Соңғы жаңалықтар