Қанат Ислам 21-ші жекпе-жегіне дайындық үстінде - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қанат Ислам 21-ші жекпе-жегіне дайындық үстінде

Қанат Ислам 21-ші жекпе-жегіне дайындық үстінде

Қанат Исламның 21-ші  жекпе-жегі 8 мамыр күні өтеді. Боксшы қазір АҚШ-та жаттығу жасап, кездесуге қызу дайындалып жүр, деп жазады oishogyr.kz.

  • 28 Сәуiр 2016
  • 354
Фото - Caravan.kz

«Көңіл күйім керемет. Қазір жарысқа қызу дайындық жүріп жатыр. Бұл жолғы қарсыласым — колумбиялық Хуан де Анxель. Осы уақытқа дейін 18 кездесу өткізген тәжірибелі боксшы. Өзіндік стилі бар. Мен ешқандай қарсыласымды осал деп есептемеймін. Әр кездесуіме бар күшімді салып дайындаламын. Себебі бұл — бокс. Бокста дайындықсыз жеңіс болмайды. Алла бұйыртса,жұдырықтасатын сәтті асыға күтіп жүрмін. Қазақ еліне тағы да бір жеңіс сыйлап, ел абыройын асқақтату — мен үшін үлкен қуаныш», — дейді Қанат Ислам. Ел мерейін асқақтатып жүрген намысты ұлға біз де жеңіс тілейміз.  

null