«Бүгін керемет күн болды. Алматы қаласының əкімі, спорт жанашыры Бауыржан Байбек Қанат Исламды кезекті жеңісімен арнайы құттықтады. Биік белес бағындырып, ел атын шығару жолында шаршамау керектігін айтты. Қанат Ислам Алматы қаласының əкіміне өз былғары қолғабын сыйға тартты. Сол керемет кездесуден естелік сурет. Ағалар аман болса інілер топ жарады!», — деп жазады Фейсбуктағы парақшасында журналист, Қанат Исламның ақпараттық көмекшісі Берік Сұлтан.