Қанат Ислам АҚШ-та ауруханаға түсіп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қанат Ислам АҚШ-та ауруханаға түсіп қалды

Қанат Ислам АҚШ-та ауруханаға түсіп қалды

Интернетте боксшының ауруханада жатқан суреті жарияланды.

  • 11 Маусым 2018
  • 36
Фото - Caravan.kz

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Қанат Ислам аяғын жарақаттап алғанын айтты, — деп хабарлайды "Профи Бокс Казахстана".

Бұған дейін Vesti.kz сайты Қанат Исламның жарақатына байланысты 23 маусымда Лос-Анджелесте өтетін жекпе-жегін өткізе алмайтынын хабарлаған еді. Боксшы бұл жарақатын дайындық барысында алған.

Интернетте боксшының ауруханада жатқан суреті жарияланды, онда отандасымыз аяғы гипс болып жатады.

"АҚШ-тағы дайынық барысында аяғымды жарақаттап алдым. 23 маусымда жұдырықтасуым қажет еді. Қарсыласым бар. Бірақ, амал не, жанкүйерлер бұл кездесуді көре алмайтын болды. Аяғым жазылған соң дереу ораламын. Шамамен екі айдан кейін. Бұл кездесуді жанкүйерлерімнің көп күткенін білемін", — деді Қанат Ислам.

Айта кетейік, Қанат Исламға 23 маусымда мексикалық Фернандо Каркамо, жапон Йошихиро Камегаи және америкалық Габриэль Росадоның бірі қарсылас болады деп күтілген еді.


 

33 жастағы Қанат Ислам өткен жылдың қыркүйегінде Астанада кездесу өткізіп, тоғызыншы раундта Брэндон Кукті нокаутқа түсірген еді. Ал АҚШ-та отандасымыз 2013 жылы алғаш рет жұдырықтасқан, оның алдында елімізде бес рет кездесу өткізген.

Соңғы жаңалықтар