Қанат Ислам Астанада тағы бір бокс кешін өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қанат Ислам Астанада тағы бір бокс кешін өткізеді

Қанат Ислам Астанада тағы бір бокс кешін өткізеді

Team Qazaq Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына байланысты Астанада үлкен кәсіпқой бокс кешін өткізбек.

  • 13 Желтоқсан 2017
  • 155
Фото - Caravan.kz

Келіссөз жұмыстары басталды, деп хабарлайды Baq,kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы боксшының менеджері Берік Сұлтан өзінің фейсбук парақшасына жазды.

«Бокс кеші 2018 жылдың мамыр айында ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Басты жекпе-жекте Қанат Ислам жұдырықтасады. Қанат Исламнан бөлек бұл бокс кешінде көк туды желбіретіп жүрген елімізге танымал қазақтандық боксшылар да өз өнерін ортаға салады», — деп жазды ол.

Айта кетейік Қанат Ислам желтоқсан айының соңында АҚШ-қа аттанады. Команда жоспары бойынша QAZAQ Астанадағы бокс кешінің алдында Америкада 1 жекпе-жек өткізеді.