Қанат Ислам Хуан де Анхельді 6 раундта техникалық нокаутпен тізе бүктірді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қанат Ислам Хуан де Анхельді 6 раундта техникалық нокаутпен тізе бүктірді

Қанат Ислам Хуан де Анхельді 6 раундта техникалық нокаутпен тізе бүктірді

АҚШ-тың Флорида штатындағы Лейкленд қаласында өткен кәсіпқой бокстан WBA Fedelatin және WBA FideCaribe нұсқалары бойынша Әлем чемпионы Қанат Ислам мен Хуан де Анхель арасындағы жекпе-жек 6 раундтан асқан жоқ. 

  • 9 Мамыр 2016
  • 392
Фото - Caravan.kz

Бұл жолы жерлесіміз он раундқа жоспарланған кездесуді мерзімінен бұрын аяқтап, колумбиялық боксшыны техникалық нокаутпен тізе бүктірді. 

«Қазақ» лақап атымен әлемдік кәсіпқой бокста таныла бастаған Қанат Исламның бұл шаршы алаңдағы 21-і кездесуі болатын.  Ол бұған дейінгі жиырма кездесуінің барлығында жеңіске жетіп, оның 17-ісінде қарсыластарын нокаутпен сұлатқан еді. Енді нокауттер саны 18-ге жетіп отыр, соның ішінде жерлесіміз қатарынан алты кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.

Қанат Исламның қарсыласына келсек, колумбиялық Хуан Де Анхель 2008 жылдан бері кәсіпқойлар арасында жекпе-жектер өткізіп келеді. Шаршы алаңдағы 22 кездесуінде біреуін тең нәтижемен аяқтап, 18 рет жеңіс тұғырына көтерілген. Бүгінгі нокаутты қоса алғанда төрт рет қарсыластарына есе жіберді. Екі боксшы да АҚШ-та жаттығады әрі екеуі де «Nelson Lopez Jr» промоутерлігінің боксшылары болатын.

Қанат Ислам бұған дейін 9-мамыр Жеңіс күніне орай жерлестері мен жанкүйерлеріне тағы бір «нокаутпен» сыйлық жолдайтынын айтқан болатын. Ол уәдесінде тұрды. Жеңіс құтты болсын, ағайын!