Қанат Ислам Майамидегі бокстың үлкен кешіне дайындалып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қанат Ислам Майамидегі бокстың үлкен кешіне дайындалып жатыр

Қанат Ислам Майамидегі бокстың үлкен кешіне дайындалып жатыр

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам жекпе-жегін Астанада өткізе алар еді, бірақ оның таңдауы АҚШ-тың Майами қаласына түсті. 8 мамырда бұл қалада оның келесі жекпе-жегі өтеді. Қарсыласының есімі алдағы уақытта жарияланады.

  • 25 Наурыз 2016
  • 617
Фото - Caravan.kz

«Мені елордалық клубқа шақырды, бірақ олардың бокс кеші де мамыр айына түсіп тұр. Сондықтан біз бәрін ойластырып, Майамиді таңдадық. Болашақта Астанадағы кешке де қатыса аламын деп ойлаймын», — деген сөздерін келтіреді ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі Қ.Исламның ресми парақшасы.

Бұдан басқа, бұған дейін Қанат Ислам Қытайда жекпе-жек өткізу мүмкіндігі туралы мәлімдеген.

«Бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезде мен Майамидегі бокс кешіне дайындалып жатырмын. Кездесуді Қытайда өткізу нұсқалары одан кейін қарастырылады», — деп баяндады Қанат Ислам.

Қанат Ислам кәсіби рингте 20 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті, соның 17-ін нокаутпен аяқтады. Боксшы бірінші орташа салмақта (69 келі) WBA Fedelatin және WBA FideCaribe нұсқалары бойынша әлем чемпионы.