Қанат Ислам мен Руслан Мырсатаев қарсыластарын нокаутқа жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қанат Ислам мен Руслан Мырсатаев қарсыластарын нокаутқа жіберді

Қанат Ислам мен Руслан Мырсатаев қарсыластарын нокаутқа жіберді

Өткен сенбіде елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде Бүкіләлемдік бокс сериясының жартылай финалы аясында «Астана арландары» мен АҚШ-тың «Los Angeles matadors» командасының спортшылары қолғап түйістірді.

  • 11 Сәуiр 2011
  • 666
Фото - Caravan.kz

Кеш шымылдығын ашқан 54 келідегі Миржан Рақымжанов пен WSB рейтингісінде төртінші орынға жайғасқан АҚШ-тың үздік боксшыларының бірі Рауше Варрен арасындағы кездесу өте тартысты өтті. 4 раунд есебі бойынша екі былғары қолғап шеберінің де төрешілер қойған ұпай саны тең болатын. Ендігі үміт 5 раундта еді. Алайда соңғы кезеңде ширақ қимылдап, басымдық таныта алмаған Миржан ұтылуға мәжбір болды. Бір айта кетерлігі, бұл спортшылар осыдан төрт жарым жыл бұрын Бакуде өткен байрақты мәсекелердің бірінде қолғап түйістірген-ді. Сол жолы да біздің боксшы америкалыққа 23:13 есебімен есе жіберген еді.

Келесі кезекте 64 шаршы алаңға беттеген Мерей Ақшалов бразилиялық легионер Евертон Лопесті 5 раунд бойы басымдықпен тізе бүктірді. Осыдан кейін спорт кешеніне жиналған бокс жанкүйерлерінің асыға күткен жекпе-жегін өткізуге Қанат Ислам бет алды. WSB рейтингісінде 5-ші орындағы американдық Руссел Ламур біздің боксшыға қарағанды еңселі, әрі мығып көрінгенімен алғашқы раундта-ақ Қанаттың ауыр соққысынан нокдаун алды. Ал екінші раундта нокаут алған американдық аяғынан әзер тұрғанына қарамастан төрешінің боксты тоқтатуға қабылдаған шешіміне наразылық танытып бақты. Дегенмен спортшысының шаршы алаңдағы жағдайын көріп тұрған жаттықтырушы оны сабырға шақырды. Осылайша Қанат Ислам Бүкіләлемдік бокс сериясындағы кездесулерінің 3-еуін нокаутпен аяқтап отыр.

85 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін «Астана арландары» сапындағы өзбекстандық легионер Рамжон Махмудов украиндық Вячеслав Шабранскийді айқын басымдықпен ұтты. Аса ауыр салмақта Руслан Мырсатаев пен WSB рейтингісінде 3-ші орындағы американдық Давид Имоесири арасындағы кездесу де тартысты өтті. Бұған дейін Бүкіләлемдік бокс сериясы аясында 6 кездесу өткізіп, оның 5-еуінде жеңіске жеткен американдық 2 раунда Русланның ауыр соққысынан есеңгіреп, төреші есеп ашты. Дәл осы жағдай төртінші раунда тағы да қайталанды. Бұл жолы сол жақ шықшыттан алған ауыр соққыдан американдық ес жия алмады. Айта кетейік, Руслан Мырсатаев та Бүкіләлемдік бокс сериясындағы кездесулерінің 3-еуін нокаутпен жеңді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера