Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
«Енді латын әріптерінде QAZAQ деп жазылады. Бұдан былай рингке киіп шығатын киімінің алдынан «KAZAKH» емес, «QAZAQ» деген жазуды көретін боласыздар. Kanat «QAZAQ» Islam», — деді Берік Сұлтан. Берік Сұлтанның айтуынша, Қанат Ислам жаттығуын бастады. «10 күннен кейін келесі жекпе-жектің уақыты мен күнін және қарсыласты айтамыз. Бұл жекпе-жек те титулды жұдырықтасу болуы мүмкін. Келіссөздер жүргізілуде», — деді боксшының PR менеджері.