Қанат Ислам: Қуаттың намысы - барша қазақ жігіттерінің намысы - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қанат Ислам: Қуаттың намысы - барша қазақ жігіттерінің намысы

Қанат Ислам: Қуаттың намысы - барша қазақ жігіттерінің намысы

Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Қуат Найманды қолдап, желіде әсерлі жазба қалдырды.  

  • 14 Қаңтар 2022
  • 367
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

"Қуатты жақын танығаныма 15 жылдай болыпты. Мен оны шын батыр, намысқой азамат ретінде ерекше құрметтеймін!
Ол қазақтың ту қылып ұстар айрықша ардақты азаматы! Оған жала жабылып жатыр ма, әлде бірдеңені мойындатпақшы болып қысым көрсетіп жатыр ма, әйтеуір бір қорлықтың болып жатқанын естіп жатырмын! Қуаттың намысын қорламаңдар! Оның намысы барша қазақ жігіттерінің намысы!!!
"Елім, жерім" деген ержүрек жігіттердің кеудесін баса бергеннен пайда да, абырой таппайсыңдар!
Бұл әрекеттері қазақтың жігіттерінің өшпенділігін өршітпесе жігерін жасыта алмайды. Қуатқа тиген жұдырық біздің жүрегімізге пышақтай қадалып тұрғанын сезінсін!!!
Қуат бауырым! Біз сенімен біргеміз!!!РАХМЕТ БАТЫРЫМ!", деп жазды

"Өте орынды айттың Қанат. Намысымызға тиіп жатыр осының бәрі", "Куат саткын коркак емес нагыз еркек", "Көк туды әлемге желбіретіп жүрген азаматтарын, өз елінің «адамдары» ұрған соң не болсын? Елінің намысын қорғап жүрген адамды, өз елінің қорғаушылары ұрған соң?", "Жарайсың Канат, Батырлар бір жағадан жең шығарып осылай колдау керек, ал қорқаулар бұғып жата берсін!", деп қолдау танытты оқырмандар. 


Естеріңізге сала кетейік, буған дейін Қуат Хамитов Қуат Хамитов өзінің тұтқындалуына байланысты Қазақ еліне мәлімдеме жасады. 

https://www.youtube.com/watch?v=9Y9ro3Lfgtg