«Құрметті спорт сүйер ағайын, Универсиада елшісі болу мен үшін үлкен мақтаныш және үлкен жауапты міндет. Бұндай әлемдік деңгейдегі спорт додаларының біздің елде өтуі біздің еліміз үшін үлкен абырой. Мен кезекті жекпе-жегіме дайындалып жатырмын. Мен Америкада біздің спортшыларға, біздің батырларға жанкүйер боламын. Сондай-ақ, барлық Қазақстандықтарды Алматыға келіп біздің елдің спортшыларға, біздің чемпиондарға қолдау көрсетулеріңізді тілеймін. Алға Қазақстан, алға чемпиондар!» – деді Қанат Ислам.
Айта кетейік, Қанат Ислам 2016 жылы тамыз айында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің қабылдауында болған кезде «Универсиаданың спорттық елшісі» атанған. Қанат Ислам қазіргі уақытта 17 ақпандағы кезекті жекпе-жегі үшін оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатыр.