Қанат Исламның келесi жекпе-жегi қашан болады? - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+7 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қанат Исламның келесi жекпе-жегi қашан болады?

Қанат Исламның келесi жекпе-жегi қашан болады?

Қанат Исламның демеушісі Бауыржан Оспанов боксшының келесі жекпе-жегі қашан өтетінін мәлім етті, деп хабарлайды boxingnews.kz.

  • 21 Ақпан 2015
  • 696
Фото - Caravan.kz

«Қанат Ислам Америкада жаттығу жасап жатыр. Оның келесі жекпе-жегі 23 наурызға белгiленген. Қарсыласы әзірге белгісіз. Қанат WBC бокс қауымдастығының рейтингінде үздік боксшылардың қатарында, тағы бір кездесу өткізсе, үздік бестікке енедi. Қанат та, оның командасы да қаржыдан еш қиналып отырған жоқ», — дейді Б.Оспанов.

Жекпе-жек Доминикан Республикасы, Колумбия немесе АҚШ-та өтуi мүмкін. Айта кету керек, Қанат Ислам бүгінге дейін барлық кездесулерін шетелдерде — Эквадор, Колумбия және Доминикан Республикасында өткізді. Қазақстандық боксшының промоутері Нельсон Лопез бұған дейін бірнеше рет Қанаттың Қазақстанда жекпе-жек өткізуі ықтимал екенін айтқан болатын.

Қанат Ислам кәсіби бокста 18 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеттi (15 нокаут), ол WBA Fedelatin белбеуін  иемденген. Сонымен қатар, отандасымыз Мәскеуде аргентиналық Гуидо Николас Питтомен орта салмақтағы WBC International Silver атағын сарапқа салуы тиіс болатын. Алайда, бұл кездесу белгісіз себептермен кейінге шегерілді.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера