Қанат Исламның келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қанат Исламның келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды

Қанат Исламның келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды

Қазақстандық боксшы Қанат Исламның (22-0, 18 КО) келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Боксшы 17 ақпанда Рой Джонстың Нью-Джерси штатындағы Нью парк қаласында өтетін бокс кешінің андеркартында жекпе-жекке шығады.

  • 12 Қаңтар 2017
  • 476
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы NelsonsPromotion промоутерлік компаниясының Қазақстандағы өкілі Нұрғазы Ысмағамбетов мәлімдеді, деп жазады kaz.tengrinews.kz.

"Жекпе-жек 10 раундқа созылады. Бұл титулды қорғау кездесуі емес. Қанат титулын Қазақстанда қорғайды. Ал қарсыласы жайлы таяуда хабарлаймыз. Қанат Ислам қазіргі уақытта штаттарда, Нельсон Лопездің жетекшілігімен жаттығу жасап жатыр", — деді Ысмағамбетов.

Айта кетейік, 32 жастағы қазақстандық соңғы жекпе-жегінде ганалық Патрик Аллотейді жеңген болатын. Кездесу Алматыда 29 қазанда өткен еді. 

Еске салайық, кеше Fightnews.com басылымы Альварес — Ислам жекпе-жегі өтуі мүмкін деген қауесеттің тарағанын хабарлаған. Сол қауесетке сенсек, Альварес — Ислам жекпе-жек 6 мамырда өтеді делінеді. Осыдан кейін ресейлік белгілі комментатор Григорий Стангрит мамыр айында мексикалық Сауль "Канело" Альварес қазақстандық боксшы Қанат Исламмен жекпе-жек өткізуі мүмкін деген қауесетке қатысты пікір білдірген еді. "Неліктен өтуі мүмкін емес? Мұндай жекпе-жекте бәрі де болуы мүмкін. Бірақ, әрине, күте тұрған абзал. Бұл Чавестің (Хулио Сезар Чавес — мексикалық боксшы) командасының Альвареске түсіріп отырған қысымы да шығар", — деп атап өтті Стангрит.