Қанат Саудабаев Өскеменде өтетін Халықаралық жастар форумына қатысады
Бүгін Өскеменде Халықаралық жастар форумы ашылады. |
«Постиндустриялық әлем: Шығыс пен Батыс диалогындағы ғылым» тақырыбына арналған бұл форумға Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев қатысады деп күтілуде.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Жастар форумының жұмысына Қазақстан, Ресей, Моңғолия, Қытай елдерінің жас ғалымдары, сондай-ақ Украина, Беларусь, Италия, Шотландия, Польша, Германия, Израиль, Түркияның өкілдері қатысады. Шара Еуразиялық Университеттер қауымдастығының қамқорлығымен өткелі отыр.
Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, форум аясында, сондай-ақ студенттердің «Алтай - ортақ үйіміз» Халықаралық жазғы мектебінің ашылу рәсімі болады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін