Қанат Саудабаев Өскеменде өтетін Халықаралық жастар форумына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қанат Саудабаев Өскеменде өтетін Халықаралық жастар форумына қатысады

Қанат Саудабаев Өскеменде өтетін Халықаралық жастар форумына қатысады

Бүгін Өскеменде Халықаралық жастар форумы ашылады.

  • 23 Маусым 2011
  • 383
Фото - Caravan.kz

«Постиндустриялық әлем: Шығыс пен Батыс диалогындағы ғылым» тақырыбына арналған бұл форумға Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев қатысады деп күтілуде.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Жастар форумының жұмысына Қазақстан, Ресей, Моңғолия, Қытай елдерінің жас ғалымдары, сондай-ақ Украина, Беларусь, Италия, Шотландия, Польша, Германия, Израиль, Түркияның өкілдері қатысады. Шара Еуразиялық Университеттер қауымдастығының қамқорлығымен өткелі отыр.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, форум аясында, сондай-ақ студенттердің «Алтай — ортақ үйіміз» Халықаралық жазғы мектебінің ашылу рәсімі болады.

Соңғы жаңалықтар