Қанат Шүкірбек: “Қастеев мұражайында көрме өткізу әрбір суретшінің арманы” - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қанат Шүкірбек: “Қастеев мұражайында көрме өткізу әрбір суретшінің арманы”

Қанат Шүкірбек: “Қастеев мұражайында көрме өткізу әрбір суретшінің арманы”

Өмір – өнер жолы!  Жуырда Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Шүкірбек Қанат Тоқтарұлының осы аттас көрмесі өткен болатын.

  • 17 Маусым 2022
  • 136
Фото - Caravan.kz

Белгілі өнер иесінің шығармашылығы тарихи сюжеттер мен драматизмнің ерекше рухына және болып жатқан оқиғалардың шынайылығымен ерекше. Оның жанрлық шығармалардағы кейіпкерлері мүмкіндігінше табиғи әрі тұлғалық, әлеуметтік және рухани құндылықтарымен кескінделген.

Қанат Шүкірбектің Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде өткен «Өмір – өнер жолы» атты жеке мерейтойлық көрмесі есеп беру мақсатында өтті. 

Caravan.kz порталының тілшісі автормен жеке сөйлесіп көрді. 

— “Өмір өнер жолы” атты мерейтойлық көрмесі өз ойыңыздағыдай өтті ме?

— "Өмір өнер жолы" — атты көрме өз ойымдағыдай өтті деп айтуға болады. Қастеевтің киелі мұражайы әр суретшінің көрме жасауы ол- үлкен арман, өз басым солай ойлаймын. Менің арманым шүкір орындалды.

— Көрмеге сіздің 60-тан астам авторлық туындыларыңыз қойылды, қай жанрдағы туындылар басымырақ?

— Менің 60-тан астам авторлық туындыларым қойылды. Оның ішінде 30 шақтысы графика, 30-ы кескіндеме жұмыстары болды. Енді жанр туралы айтатын болсақ мен барлық жанрда жұмыс істеймін. Менде бөліп былай айтатын жағдай емес. Барлық жанр ұнайды қай жанрға көңілім толса соны жасай беремін.

— Сіздің сүйікті жанрыңыз қандай және не себепті сол жанр?

— Көрмені алатын болсақ, жанр жағынан енді портрет жағы кішкене басымырақ. Бұл көрмеде де, оның алдында да, портрет жанрында көп жұмыс істегенмін. Олар енді өзіміздің үлкен ұлы аталарымыздың үлкен портреті апаларымыздың, тәтелеріміздің мына мектеп баспасы, кітап баспасы, сол жақта жұмыс істеп портреттер сол жерде басылып шыққан. Қазірде мысалы портрет жанрында жұмыс істеймін, тапсырыстар аламын. Бұл көрмеде портрет жанры басымырақ болды.

— Көрмеде көрермен ықыласына бөленген ең ерекше туынды болды ма?

 Енді мына көрмеге барып көріп жатыр ғой халық. Жолдастарымыз бар, достарым бар халықтың өзі жақсы ниет білдіріп жатыр. Туындыларды алатын болсақ көбінесе тарихи тақырыпта жазылған туындыларымды ұнатып жатыр, содан кейін портрет жанрындағы жұмыстар көрмелердің ықыласына бөленіп жатыр.


Жалпы ойыңызда жүрген туындыларды қағаз бетіне түсіру қанша уақытта алады? Ойыңыздғы айтқыңыз келген мәселені толық 100% қағазға түсіре аласыз ба?

— Мына шығармашылық жұмыс қанша уақытты алады деп айтып жатырсыз ғой, бұл енді бірінші тақырыпқа байланысты. Кейде тақырыптың үлкен көлемде істелетіні бар. Кішігірім көлемде істелетін тақырыптар бар, содан кейін оның күрделілігіне байланысты, көлеміне байланысты болады. Енді мына тарихи тақырыптар көбінесе көп уақыттар алады. Кейбір тақырыптар аз уақытта жасалады, бірден шығатын тақырыптар бар арасында. Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, ол енді суретшінің шабытына байланысты, біліміне байланысты, орындау тәсіліне байланысты деген сияқты ғой.

Қанат Шүкірбекұлының ендігі жоспары мен арманы қандай?

— Есеп беру көрмесі енді әр суретші өзі бәленбай жыл жұмыс істеп, сонан кейін халыққа өзінің салған суреттерін көрсетіп бір есеп береді,  соны көрме деп атауға болады. Бұл көрмеден кейін әр суретшінің  ары қарай шығармашылық жұмыстарды жалғастыруының жолы өзгереді. Менде де сондай өзгерістер болады, өзім графиканы бітіргеннен кейін материалдар бар. Ол материалдарды істегемін, бірақ толық болмады кезінде. Енді сол материалдармен көбірек жұмыс істесем деп ойлаймын, ол графика жағы, ал кескіндеме жағынан осының алдында академиялық жолдармен жұмыс істегенмін.

— Рахмет.