"Біз адамдарды бейбітшіліксүйгіштік пен дінаралық төзімділікке шақырамыз. Ислам өзіне жат саяси мақсаттардың қолшоқпарына айналуы тиіс емес. Біз сепаратизм, діни фанатизм, ұлтаралық және дінаралық дүрдараздыққа қарсымыз",- деді ол.
Саяси және экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу үшін, Ә.Дербісәлінің пікірінше, "өзара келісім, түсіністік пен диалогты нығайтуға барлық жағдайларды жасау
қажет ". Ал өзара үнқатысу - өз кезегінде теңдік, түсіністік және өзара сүйіспеншілік принциптеріне негізделуі тиіс.
Қандай дінді ұстанатынына қарамастан бейбітшілікті қорғау, мемлекет аясында оны сақтау - әрбір азаматтың парызы - ҚР бас мүфтиі
