Қандас мәртебесін онлайн алуға болады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қандас мәртебесін онлайн алуға болады

Қандас мәртебесін онлайн алуға болады

Қандастардың мәртебесін беру немесе ұзарту бойынша мемлекеттік қызмет енді eGov.kz порталында қолжетімді.

  • 13 Мамыр 2022
  • 27
Фото - Caravan.kz

Пайдаланушыларға қойылатын міндетті талаптар – ЖСН мен электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Қызметті алу үшін өтініш беруші барлық қажет жолды толтырып, сұралған құжаттарды жіберуі керек. Тіркелген файлдар pdf немесе jpg пішімінде болуға тиіс.

Өтінішті жіберген кезде қолданушы қандас мәртебесін тағайындауды немесе ұзартуды қажет ететін отбасы мүшелері туралы ақпаратты толтыра алады. Қосылатын отбасы мүшелерінің саны шектеусіз. Содан кейін қол жетімді жолдардың бірімен сұрауға қол қою керек.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Ведомствоның мәліметінше, ұсынылған деректер ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы тексеріледі. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – төрт жұмыс күні.

Нәтижесінде өтініш беруші қандас сертификатын алады немесе жергілікті атқарушы орган қандас мәртебесін ұзарту туралы шешім қабылдайды. Өтініште жалған құжаттар мен мәліметтер ұсынылған жағдайда пайдаланушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі


Басқармада атап өткендей, нәтиже пайдаланушының «жеке кабинетіне» электронды құжат түрінде жіберіледі.

Бұған дейін бұл қызмет еліміздің халыққа қызмет көрсету орталықтарында және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарында көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар