Қандыағаш көлік прокурорлары 1,2 млн. теңгеден астам қаржы ұрлау фактілерін анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қандыағаш көлік прокурорлары 1,2 млн. теңгеден астам қаржы ұрлау фактілерін анықтады

Қандыағаш көлік прокурорлары 1,2 млн. теңгеден астам қаржы ұрлау фактілерін анықтады

Қандыағаш көлік прокурорлары «ҚТЖ ҰК» АҚ-ның «Қандыағаш жол дистанциясы» филиалының жұмысында мазут сіңген жер қыртысын шығару және жоюға бөлінген ақшалай қаражаттарды ұрлау фактілерін анықтады.

  • 10 Желтоқсан 2012
  • 330
Фото - Caravan.kz

Прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлағандай, жол дистанциясы қызметі мен «НК Сервис» ЖШС-нің арасында жасалған келісім-шарт бойынша, соңғысы Қандыағаш стансасының теміржол төсемінен мұнай өнімдерімен ласталған жалпы салмағы 75 тонна жер қыртысын көмуді жүзеге асырады.

Көрсетілген қызметтер үшін Қандыағаш жол дистанциясы «НК Сервис» ЖШС-не 2 млн. астам теңге көлеміндегі ақшалай қаражаттарды төледі.

Алайда, тексеріс көрсеткендей, Қандыағаш жол дистанциясының жұмыскерлері 45 тоннаны жою бойынша орындалған жұмыстардың актілерін жалған жасаған, осыған байланысты «НК Сервис» ЖШС-не 1,215 млн. теңге көлеміндегі аұшалай қаражаттар заңсыз аударылды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, айыптау өкім шығарылды. «НК Сервис» ЖШС «ҚТЖ ҰК» АҚ-на 1 215 000 теңге көлеміндегі соманы төледі.