Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қала тұрғыны Шабнам толғағы келіп ауруханаға жеткізіліп, сол күні ұлды болды. Күйеуі Аас Мохаммад та босану кезінде жұбайының жанынан табылған. Осыдан кейін жас ана аурухананың бірінші қабатындағы жалпы палатаға ауыстырылды. Оның жанында күйеуі, қайын енесі және тәтесі қонған. Әйелдің өзінен басқа барлық отбасы мүшелері палатаның еденінде ұйықтаған. Баланы еміздіргеннен кейін, әпкесі оны еденге қойып, жанына жатқызған.
Алайда түнде отбасы мүшелерінің бірі оянып, баланың жоқ екенін байқайды. Ол қалғандарын оятып, барлығы жаңа туған нәрестені ауруханада іздей бастаған. Ақыр соңында олар көшеге шығып, баланы қаңғыбас иттердің аузынан тапты. Иттер оны аурухана бөлмесінен ұрлап, тістеп, талағаны белгілі болды.
Туыстары баланы бірден ауруханаға жеткізген. Алайда дәрігерлер жаңа туған нәрестенің қайтыс болғанын айтты. Баланың денесі сараптамаға жіберілді. Отбасы мүшелері ауруханада қауіпсіздік қамтамасыз етілмегеніне наразылық танытқан.