Қаңтар- қыркүйек аралығында Қазақстанда Жалпы ішкі өнім 2004-жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда 8,9 процентке өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаңтар- қыркүйек аралығында Қазақстанда Жалпы ішкі өнім 2004-жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда 8,9 процентке өсті

Қаңтар- қыркүйек аралығында Қазақстанда Жалпы ішкі өнім 2004-жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда 8,9 процентке өсті

Қазақстанның 2005 жылдың қаңтар-қыркүйегінде өндірілген жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) көлемі жедел алынған деректер бойынша 5169,3 млрд.теңге болып белгіленді. Оның нақты көлемінің өзгеру қарқыны 2004 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 108,9% құрады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі ҚР статистика жөніндегі агенттігіне сілтеме жасап.

  • 11 Қараша 2005
  • 370
Фото - Caravan.kz

ЖІӨ-нің 8,9%-ға өсуі экономиканың барлық салаларында нақты көлемнің: өнеркәсіпте — 4,2%-ға, ауыл шаруашылығында — 7,4%, құрылыста — 38,8%, көлік және байланыстағы қызмет көрсету — 9,5%, саудада — 9% өсуіне байланысты болып отыр.

2005 жылдың қаңтар-қыркүйегінде дефлятор-индекс жалпы экономика бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110,4% құрады, соның ішінде тауарлар өндіруде — 112,8%, қызмет көрсетуде — 108,6% жетті.
Ағымдағы кезеңде ЖІӨ құрылымында тауарлар өндіру мен қызмет көрсетудің үлесі тиісінше 43,2% және 52,9% құрады. ЖІӨ өндіруде негізгі үлесті өнеркәсіп (29,6%) алады.

Перейти к новостям спорта